Павлодарда есік қоңырауынан шыққан түтіннен уланған қыз ауруханаға түсті

Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

 «27 наурыз күні сағат 12:13-те Павлодардағы Бекхожин көшесінде орналасқан бір бөлмелі пәтерден өрт шықты. Тілсіз жау өрт сөндірушілер келгенше сөндірілді. Сағат 14:30-да облыстық ауруханаға 14 жастағы қыз бала жеткізілді, жасөспірім жеңіл түрде түтіннен улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды»,-деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі. ТЖД мамандарының айтуынша, өртке электр желілерінің қысқа тұйықталуы себеп болған. 

 

Оқи отырыңыз:


Әуезов театрының экс-директоры Ерлан Біләл сот белгілеген 52 млн теңгені әлі өтемей жүр
Айгүл Иманбаева: “Интригаға толы” жаңа бейнебаяным қазақ көрермендер үшін ыңғайсыздау болуы мүмкін
Екі жарым жылдан бері жігітпен жыныстық қатынасқа түспедім деген қыз жұрттан көмек сұрады