Жасырын зертханада есірткіге тәуелділер арасында "Винт" деген атауға ие болған затты (психотроптық "Метамфетомин" және "Первитин заттары) жасап келген.
Плицияның мәліметінше, Павлодар қаласының 39 жастағы тұрғыны есірткі жасап жатқан сәтте құрықталды.
Пәтердегі тінту барысында есірткілік затты жасауда қолданылатын препараттар мен құралдар, сондай-ақ, сұйықтық табылды. Сараптама нәтижесі оның "Метамфетомин" және "Первитин заттары екенін анықтады. Бұл заттар Қазақстан аумағында есірткілік зат ретінде бақылауға жататын заттардың тізімінде.
Ұсталғанды қамауға алыға шешім қабылданды, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілу үстінде.