Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жіберілді. Тәртіп сақшыларын көргенде ер адам қашып кетуге тырысқанмен, ұсталып қалды. Келген полицейлер жас жұбайлардан жеке-жеке лентаға оралған 10 байламды тауып алып, тәркіледі. Кейінірек сараптама көрсеткендей, салмағы 44 гр-ден асатын есірткі-гашиш тәркіленді.
Есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау немесе өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Бұл жағдай қылмысқа қарсы күресте заманауи технологияларды қолданудың маңыздылығын және құқық қорғау органдарының үйлестірілген іс-қимылдарының жоғары тиімділігін көрсетеді. Ұстау полиция қызметкерлерінің жедел жұмысы мен бейнебақылауды пайдаланудың арқасында мүмкін болды, бұл күдіктілердің жеке басын тез және дәл анықтауға мүмкіндік берді», – деп атап өтті Павлодар облысының Полиция департаменті.