Павлодарда фашистер басып шығарған сөздік табылды

Александр Магденко қолындағы мына екі кітапты күйбелең тірлікпен жүріп, көзге ілмегенін айтады. Енді ғана бетін ашқан немісше-орысша сөздіктен жаға ұстатар небір тіркестерді тауыпты. Онда фашистер боданына айналдыратын басқа ұлттардың Вермахт әскеріне қандай қызмет көрсетуі керек екені жазылған. Мәселен арийлік нәсіл өкілінің етіктерін тазарту, алдыларына ас әкелу мәдениетін үйрететін жолдарды да табуға болады.   

Александр Магденко, зейнеткер:

–Бұны оқығанда қатты ашуландым. Олар жеңіске жететіне сенімді болғандары сонша, құлдарына беретін бұйрықтарды алдына ала жазып, орыс тіліне аударып қойған.

Соғыста қолданылатын «қаруды таста», «мина қойылған жерді көрсет» деген тіркестерден бөлек, «қайсысың еврей? қайсысың украинсың?» деген сұрақтар да аударылыпты. Ал мұның қасында дәл сол кезеңде Кеңес одағында шығарылған әскери сөздіктердің мазмұны тым қарапайым. Онда немісше «ауыз су бар ма?» және «Берлинге қарай жолды көрсетесіз бе? деген сауалдар ғана бар.

-1944 жылы фашисттік Германияда басылған бұл шағын сөздіктерді Берлинді алуға қатысқан әкесі алып келіпті. Кеудесі орденге толып оралған майдангер 80-нен асқан шағында қайтыс болған. Ал ардагердің баласы сөздіктерді мұражайға тапсыруды жоспарлап отыр. Өйткені тарихы құндылығы бар кітаптардың өскелең ұрпаққа берері мол дейді ол. 

Loading...