Жарақаттанған және күйікке шалдыққан 11 адам ауруханаға түсті. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ақпаратына сәйкес ауруханаға жеткізілген бес адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда.
Өрт бес литрлік екі газ баллонының жарылысы салдарынан шыққан. Өрттен үш пәтерге зақым келіп, 15 адам басқа жаққа көшірілді.
Өртті сөндіруге ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 50 адамы мен 13 техникасы жұмылдырылды.