14 жастағы Анастасия Шарипованы төңіректі түгел тінтіп іздеп жатқандардың саны қазір 300 адамға жуықтапты. Оның ішінде полицейлер, сарбаздар мен жергілікті тұрғындар бар. Ауыл іші толық тексерілгеннен кейін, елді-мекен маңы да парапланмен әуеден барланып шыққан. Кинологтардың иісшіл иттері де із кесе алмапты.
Алма Мұсабекова, Павлодар облыстық ІІД баспасөз өкілі:
- Қазіргі уақытта жоғалған қызға қатысты, кісі өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сүңгуірлер ауыл маңынан өтетін арнаны тінтіп жатыр. Әзірге, іздестіру жұмстары нәтиже берген жоқ.