Павлодарда кезекте тұрғандарға арналған баспананы сатқан мемлекеттік қызметкер сотталды


Әйел сыбайластарымен бірге кезекте тұрғандарға арналған екі пәтер мен жатақханадағы бір бөлмені сатып, 18 миллион теңге табысқа кенелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс материалдарына сәйкес, 36 жастағы әйел қаржы бөлімінің тұрғын үйді жалдау және жекешелендіру секторының бас маманы қызметін атқара жүріп, бос пәтерлерді тауып, жалған жекешелендіру келісім-шарттарын жасап, оларды ресми түрде мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алуға құқығы бар үміткерлерге ресімдеген.