Павлодарда "Хабар" агенттігі мен "Азаттық" радиосының журналистері соққыға жығылды

Маусымның 21-інен 22-сіне қараған түні журналистерге белгісіз алты адам қарақшылық шабуыл жасады. Шабуылшылардың бірінде газды тапанша болған. А.Солдатбай мен Е.Саматтың алған жарақаты орташа ауыр деп бағалануда.

Павлодар облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, қазіргі жағдаймен шабуыл жасаған бес адам ұсталды. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысты тергеу барысын Павлодар облыстық ІІБ-ның бастығы Мұрат Урматбеков тікелей өз бақылауына алды.
Жәбірленушілер бұл шабуылды кәсіби іс-қызметімен байланыстырмайды. Алайда, осы оқиғаның алдында ғана "Хабар" агенттігінің тілшісі Павлодардағы бірқатар жанармай құятын станциялардың заңсыз іс-қызметі туралы сыни материал жасаған болатын.