Павлодарда халықаралық тасымалмен заңсыз шұғылданған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды



Қалалық прокуратураның мәліметіне сәйкес, жүргізушілер осылайша заңсыз жолмен күніне Павлодар-Екібастұз-Павлодар бағытында 6-8 рейс жасайтын болған.

Павлодар қалалық прокурорының орынбасары Бейсенбек Әлиевтің айтуынша, "бұл жүргізушілерде рұқсат құжаттары жоқ. "Тапсырыс" деген жазуды іліп қойып олар Екібастұзға және кері бағытта жолаушылардан 300 теңгенің орнына 255 теңге алып тасымал жасайды". "Осындай заңсыз тасымал қалалар арасында заңды қатынайтын тасымалдаушылардың жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылып келген",- деді прокурордың орынбасары. Сонымен бірге, заңсыз тасымалмен шұғылданатын жүргізушілер қауіпсіздік ережелерін бұзып, жолаушыларды артық алады.

Қазір заңсыз тасымалмен шұғылданатындардың үстінен әкімшілік іс қозғалды.