Павлодарда "Хизб-ут-Тахрир" экстремистік ұйымының мүшесін екі жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды

20 жастағы бозбала ҚР Қылмыстық Кодексінің әлеуметтік, ұлтаралық және дінаралық араздық тудыру жөніндегі 164-бабы, 2-тармағы және заңсыз қоғамдық бірлестіктер құру немесе оның іс-қызметіне қатысу жөніндегі 337-бабы, 3-тармағы бойынша сотталды.

Ол 2004-жылғы күзде Павлодардағы әскери бөлімдердің бірінде "Хизб-ут-Тахрир" экстремистік ұйымының үнпарақтарын таратып жүрген жерінен ұсталған. Осындай сипаттағы үнпарақтар мен әдебиеттер оның үйінен де табылды.
"Хизб-ут-Тахрир" экстремистік ұйымының үнпарақтары алғаш рет Павлодардағы орталық мешітте 2003-жылғы қараша айында тәркіленген. Соңынан экстремистік сипаттағы үнпарақтар тұрғын үйлердің подъездерінен де табыла бастады.