Павлодарда көкек ана бейтаныс еркекке сәбиін тастап қашып кетті

Қазір тәртіп сақшылары 19 жастағы Айсұлу Тәкішеваны іздестіруде. Ал сегіз айлық сәби төрт күннен бері облыстық балалар ауруханасы дәрігерлерінің қарауында. Ақ халаттылар алғашында үсті-басы кір, қарны аш, әбден жаурап қалған нәрестенің бүгінгі жағдайы жақсы екенін айтуда. Баланы полиция бөлімшесіне әкелген 28 жастағы жігіт жақында ғана танысқан бойжеткеннің кездесуге кішкентай қызымен келгенін жеткізіпті. Сөйтіп, әйел оған омыраудағы сәбиі мен қолындағы сөмкесін беріп, зыта жөнелген. Киім-кешегі бар сөмке ішінде нәрестенің туған күні белгіленген анықтама болыпты.


Баян Мағзұмова, Павлодар облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

-Пакеттің ішінен табылған банк карточкасы бойынша ол әйелдің аты-жөні анықталды.Ол Екібастұз қаласы, Шиқылдақ ауылының тұрғыны. Бірақ өзінің мекен-жайында тұрмайды.