Павлодарда көлік астына түскен оқушы қыз аман қалды


Қарсы беттегі көліктің видеорегистраторына жазылған таспада оқушы қыздың жолды белгіленген жерден өтіп бара жатқаны анық көрініп тұр. Алайда оны байқамаған, әлде елемеген ДЭУ көлігінің жүргізушісі қызды қағып қана қоймай, үстінен басып өтті. Ол аздай, оқиға орнынан ізін суытпақ болған. Ал қыз есеңгіреген бойы асфальттан тұрып, жол шетіне өз аяғымен барды. Жеңіл жарақат алған бойжеткен қазір ауруханада.