Павлодарда көп балалы әке сегіз жасар қызын мектепке жіберуден бас тартуда

"Төрт баланың әкесі Юрий Кузин баланы үйде оқытпақ екенін мәлімдеген. Балалардың тұңғышы биыл  желтоқсанда сегіз жасқа толады. Біздің тәжірибемізде ауқатты отбасында баланы мектепте оқытуға байланысты алғаш рет проблема туындап отыр», - деп қалалық білім беру бөлімінің басшысы Зәуреш Мұқашева мәлімдеді.

Ол қыз баланың үйде оқуы үшін денсаулығына байланысты ешқандай дәрігерлік себеп жоқтығын айтады.

Ю.Кузин баланы үйде өздігінен және репетитордың көмегімен оқытқан дұрыс деп есептейді.

Қыз үй тапсырмасын жасау және репетитормен ағылшын тілін оқумен қатар, көркем шығармашылық және музыкалық мектепке барады, гимнастика және шахматпен айналысады, деп қыздың әкесі  мәлімдеді.


Ол жергілікті билік өкілдері арқылы парламент сенатына әлемдік тәжірибеге сүйене отырып «Білім беру туралы» заңға экстерн немесе отбасылық білім беру секілді оқыту түрін қарастыратын өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жасамақ.