Павлодарда көп қабатты үйлердің 99 пайызы жылуға қосылды

"Павлодардың жылу желісі" АҚ кестесіне сәйкес, тұрғын үйлерді жылуға қосу 2-қазанда басталған. Коммуналдық қызметтің мәліметтеріне сүйенсек, 12-қазандағы жағдаймен 13 үй жылусыз қалып отыр. Бірақ олар жылумен қамтамасыз ету желісіне 15-қазанға дейін қосылатын болады, деп сендірді "Павлодардың жылу желісі" АҚ.

Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, облыс орталығындағы ішкі су жылыту жүйесі бар 1129 тұрғын үйдің 1114 (99 пайызы) ыстық сумен қамтамасыз етілген.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және көлік жолдары бөлімінің ақпараттарына сүйенсек, бүгінде жылуға облыс орталығындағы білім беру және денсаулық сақтау нысандарының 100 пайызы қосылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті