Павлодарда көп қабатты үйлердің барлығы жылуға қосылған

З. Сұлтанғазиновтың айтуынша, әлеуметтік нысандарды дайындау негізінен кесте бойынша жүргізілген, тек "Павлодардың жылу желісі" АҚ жылу трассаларын жөндеу мерзімін бұзған, соның салдарынан тұрғын үй ғимараттарының бір бөлігіне жылу беру кешіктірілген, бірақ бүгінде барлық проблемалар шешімін тапқан.

Дегенмен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, транспорт және көлік жолдары бөлімінің бастығы, Павлодардың тұрғын үй қорына қызмет көрсету сапасына облыс орталығы тұрғындарының пәтер иелерінің кооперативі алдындағы қарыздары кері әсер етіп отырғандығын атап өтті: бүгінде ол 70 млн теңгені құрайды.

"Павлодарлықтардың монополистер алдындағы қарыздары одан да көп, мысалы, қала тұрғындарының электрэнергиясы үшін қарыздары 190 млн теңге, жылу қарыздары - 127 млн теңге, ал суға деген қарыздары 81 млн теңгені құрайды. Осы жағдайда монополистерге көп қаржыны қажет ететін желіні дер кезінде жөндеу жөнінде талап қою қисынсыз",- деп мәлім етті З. Сұлтанғазинов.

Оның айтуынша, қарыздарды жабу облыс орталығындағы коммуналдық қызмет көрсету сапасын түбегейлі жақсартады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті