Павлодарда монша ретінде жабдықталған ГАЗ автокөлігі жанып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
- Моншаны тапсырыс берген тұрғындар үшін енді ғана тұтатқан едік. Термобудка бірден өртке оранып, 10 шаршы метр аумақты қызыл жалын шарпыды. Бұған қоса, үйшіктің ішінде болған 50 литрлік газ баллон жарылған. Өрт толығымен ауыздықталды. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда, - деді өрт сөндіру қызметі жедел кезекшісінің орынбасары Максим Варсегов. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.