Павлодарда көтергіш кранның жебесіне соғылған адам мерт болды

Жұмысшы алған жарақаттардан құлап, оқиға орнында жан тапсырды.

ЖШС-тің 53 жастағы прорабына еңбек қауіпсіздігін сақтамағандығы үшін ҚР ҚК 152-баптың 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Павлодар облысының Ақсу қаласында ЖШС-тің 40 жастағы электршісін көшені жарықтандыру жұмыстарын жүргізу кезінде ток соқты. Ол ауруханаға «екінші дәрежелі элктр жарақатын алған» деген диагнозбен жеткізілді.

Осы жағдайларға байланысты тексеріс жүргізіліп жатыр.