Павлодарда күдіктіге күш көрсеткен полицейлер сотталды

Қалалық Ішкі істер басқармасының қызметкерлері Дәурен Тоқаев пен Артур Попов былтыр наурыз айында жазықсыз ер адамға қоқаң-лоққы көрсетіп, ұрлықты мойынына алдыруға әрекеттенген. Бұған көнбеген азаматтың басына қап кигізіп, ұрып соққан көрінеді. Амалын тауып, сытылып шыққан жәбірленуші бірден прокуратураға шағым түсірген. Іс бір жылға жуық тергеліп, сот үкімімен қос лейтенант бір жылды қоныс колониясында өткізетін болды. Сондай-ақ шендерінен айрылды. Бұған қоса олардың үш жылға дейін мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаруына шектеу қойылды.

Елена Белова, Павлодар қаласы прокурорының көмекшісі:

– Мемлекеттік айыптаушы алдын-ала жоспарлап, азаптау әдісін қолданған полиция қызметкерлерін жалпы режимдегі түзеу колониясына төрт жылға қамауды сұраған. Алайда, сот жеңіл жаза кесті.

Loading...