Облыстық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың бірі мектеп-интернатта тәрбиеленіп жатқан болса, екіншісі Екібастұз қаласында тұрады екен. Олар түс шамасында желдеткіш шахтасы арқылы «АРС Секьюрити» күзет фирмасына кіріп, 269 мың теңге мен бейне камераны ұрлап кеткен.
«Олар кеңсеге 20 минутта кірген», - деді полициядағылар.
Жасөспірімдерді қолға түсіруге саусақ іздері көмектесті. Бұрын да полицияның көзіне ілінген жасөспірімдердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.