Павлодарда Lada Granta аударылып, 70 жастан асқан қария қаза тапты

«Көлікті басқара алмай қалған 39 жастағы жүргізуші жолдың шетіне аударылған. Салдарынан 74 жастағы қария оқиға орнында ажал құшты. Сондай-ақ, тағы бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Жол апаты бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деді Б. Жұманов.