"Жарылғышқа ұқсайтын күдікті зат № 2 лицей аумағындағы жолаушылар жолының маңайынан, құрылыс нысанынан 20-30 метр жерде табылды",-дейді төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық басқарма бастығы Шаймұрын Шаймарданов.
Оқиға орнына тез арада қалалық жедел қызметтер келіп жетті: төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма, жедел жәрдем, апат медицинасы, Павлодар қалалық жедел құтқару тобы және өрт сөндірушілер.
Ш. Шаймардановтың айтуынша, "дәл осы сітте лицейде сабақ жүргізілмегендіктен ешкім эвакуацияланған жоқ". Өтіп бара жатқан жолаушылардың өміріне қауіп туғызбау мақсатында полиция қызметкерлері аймақты қоршауға алды.
Барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, сапар жарылғыш затты мұқият тексерді. Жарылғыш қалыңдығы 2-3 , ұзындығы 20 сантиметрді құрайтын, іші пластиллин сияқты затқа толтырылған алты қағаз құбыр пішінінде жасалған. Толығымен электр сымымен мықтап оратылған затқа, микросхема және автомобиль сағаты жапсырылған. Жіті тексеру барысында жарылғыш заттың нақпішіні болып шықты.
Қазіргі кезде полиция қызметкерлері мұны кімнің және қандай мақсатта жасағанын анықтау үстінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті