Павлодарда маса санайтын сенсорлар орнатылуы мүмкін

- Ол үшін белгілі бір өлшем керек: масаларды улағаннан соң олардың саны азайды ма, жоқ па, - дейді Леонид Муравьев. – Жасанды интеллектке қосылған жылу камераларын орнатып, сол арқылы масалардың қимылы бойынша олардың санын анықтайтын сенсорларды бүкіл жағалауға орнатпақпыз.

Леонид Муравьевтің пікірінше, мұндай жүйенің баламасы әлемде жоқ.

- Мәселенің осындай шешімі тіпті малярия проблемасы бар елдерде де жоқ, - дейді Леонид Муравьев. – Осылайша бұл салада пионер болмақпыз. Сәтті шықса, мұндай жүйені өзге жерлерде де қолданатын шығармыз.

«Қазақтелеком» АҚ өкілінің айтуынша, компания Павлодар облысының әкімдігі тарапынан күшті әрі парасатты әріптес тапқанына қуанышты.



Естеріңізге сала кетейік, «Қазақтелеком» АҚ мен Павлодар облысының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Айта кетейік, деректерді өңдеу бойынша ТМД елдері арасында ірі орталықтың бірі Павлодарда орналасқан. Орталықтың жалпы ауданы 1000 шаршы метрді құрайды.