Павлодарда мектептің төбесі опырылып түсті

Бұл мектептің құрылысы былтырғы қазан айында басталған. Алайда нысанның салынып бітуінен бұрын, құлауы тез болды. Бірінші қабаттың төбесінің жүз шаршы метрі опырылып түскен сәтте, ішінде 70-ке жуық жұмысшы жүріпті. Құдай сақтап, барлығы аман қалған. Алдын ала болжам бойынша, апат бетон бекітпелері мен құрылыс материалдарының сапасыз салынуынан болған.

Битөре Әбдіхалықов, Павлодар облыстық Құрылыс басқармасының бас маманы:



-Жорамалдарға қарағанда, жабын тақтасының астындағы тірегішінің майысуына байланысты.  Жабынның құлауы сол технология құрылысы техникасының кішкене ауытқуларынан деп есептеп отырмыз.  Қазіргі кезде мектепте оқушылар жоқ, мектеп әлі тапсырысқа берілген жоқ.