Caravan Logo

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды

Тексеріс кезінде 23 жасар азаматтың мас екені белгілі болды. Полицейлер оны Павлодар ІІБ-ның мәліметтер базасынан тексерген кезде, күдіктінің 2010 жылдан бері есірткі қылмысы үшін мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды.

Ұсталған азамат - Павлодар тумасы, 2009 жылы Ресейдің Томск қаласына кетіп, сол жылдың шілде айында РФ азаматтығын алған екен. 2011 жылы Павлодардағы ата-анасына келген.

Павлодардың мамандандырылған соты азаматты көлікті алкогольдік мас күйінде жүргізгені үшін 10 тәулікке соттады. Кейіннен ұсталған азамат ресейлік әріптестерге тапсырылады.