Әріптестерінің айтуынша, редактор облыс әкімі Қанат Бозымбаевтан ақша бопсаламақ болыпты. Голышкин «Бозымбаевтың 22 жастағы ұлы зорлады» деген қыздан сұхбат алған екен. Ал оны жарияламау үшін әкімнен жарты миллион доллар талап еткен көрінеді. Бозымбаев бірден полицияға арыз түсірген. Істің мән-жайы тергеуден кейін белгілі болмақ. Жалпы, бұған дейін де журналист пен шенеунік арасында кикілжің болған. Ярослав Голышкин ақпан айында ғана әкімнің баяндамасын плагиат деп шу шығарған еді.
Тамара Абубакарова,
«Версия» газетінің тілшісі:
– Редакторымыз өткен бейсенбі күні ұсталды. Сенбі күні сот шешімімен екі айға қамауға алынды. Мұны құзырлы органдар облыс әкімі Бозымбаевтан ақша бопсалады деген айыппен түсіндірді.
Loading...