Павлодарда өмір бойы бас бостандығынан айрылғандарға арналған абақтыны мамыр айында сала бастайды

Биыл абақтыны салуға арнап республикалық бюджеттен 350 млн. теңге бөлінді. Құрылысты аяқтау үшін бюджеттен 3,5-4,5 млрд. теңге жұмсалмақшы. Құрылыс жұмыстары 4 жылда аяқталуға тиіс.

ҚР әділет министрлігінің мәліметі бойынша, жергілікті химиялық зауыттың төрт қабатты ғимараты абақтыға айналдырылып жабдықталады.
Зауыт ғимараттары қаладан да , химиялық зауыттың соңғы үш жыл бойы демеркуризациялық жұмыстар жүргізілген сынап электролизі цехынан да шалғайда орналасқан.
Абақтыға 1 мыңдай жазасын жүктеушіні қамауға болады.