Полиция Е. Грекуланы өлтірген оның туысы екенін анықтады. Ал Е. Грекула үйінде сақтаған ақша оны істеуге себеп болған. М. Есеновтың айтуынша 29 жастағы күдікті өз ісін мойнына алған. Оған ҚР ҚК 96 бабы бойынша айып тағылған (әдейі кісі өлтіру).
Полицияның ақпаратына сүйенсек, күдікті бұрын да ұрлығы үшін сотталған болып шықты. Ол мүгедектер бірлестігінің төрағасы банкіден ірі сомадағы несие алғанын және оны үйінде сақтайтынын білген. Сондай-ақ, оны өлтіруден бұрын одан 2000 доллар қарыз алған.
Тергеу барысында пианиноның темір істігі қылмыс құралы болғаны анықталды. Ал ұрланған ақшаны күдікті жеке мақсаттарына жұмсаған.
Бұрын хабарлағанымыздай, "Оптимист" мүгедектер бірлестігінің 45 жастағы төрағасы Е. Грекуланың денесі 1-ақпан күні өз пәтерінен табылған болатын. Мойыны мен кеуде тұсындағы пышақ жарақаттары өліміне себеп болған.
Облыстың ішкі істер департаментінің бастығы полковник Қанат Тұқсаитов аталмыш қылмыс тудырған қоғамдық пікірталасты ескере отырып, істі тергеуді тікелей өз бақылауына алған еді. Тағы да естеріңізге сала кетсек, тергеу алғашында адам өлімі оның қоғамдық ұйымның төрағасы ретіндегі кәсіби қызметімен байланысты болуы мүмкін дегенді жоққа шығармаған болатын.
Полиция ақпаратына сйүенсек, өткен жылы "Оптимист" мүгедектер бірлестігі жікке бөлінген. Қоғам мүшелерінің бір бөлігі Е. Грекуланы төраға қызметінен босатуға шешім қабылдаған. Алайда ол қайтыс боларынан сәл-ақ бұрын сот арқылы ұйым жетекшісі ретіндегі өз құқығын қалпына келтірген-ді. Қоғам қайраткерінің жақындарының айтуынша, Қытайдан шағын автобустар және басқа да техникалар сатып алу жолымен мүгедектерге жаңа жұмыс орындарын ашуды көздеген екен. Осы мақсатта ол екінші деңгейлі банктердің бірінен несие алған.