Павлодарда оқушының анасы ұстазды сотқа берді

Қадиша Омарова, арызданушы:

- Сот-медициналық сараптама нәтижесі қолымда. Соған қарамастан мектеп басшылығы бұны теріске шығарып, өз кінәларын мойындаудан бас тартуда. Мен талап еткен моральдық өтемақыны төлегілері келмейді. Қайтамені баламмен қоса қарабет қылғылары келеді.

Әнуарбек Омаровтың анасы баласының өткен оқу жылынан бастап қазақ тілі пәні мұғалімінің қаһарына ұшырағанын айтады. Оның сөзінше, аз ғана ағаттық үшін ұстаз баласын сыныптастарының көзінше шымшылайды, тіпті, қол жұмсаған кездері болыпты. Ата-ана мектептегі ұстаздар ұжымының баласының тентектігін сылтау етіп, бұны «қиялдан шығарды» деп, мәселені жылы жауып қойғанына наразы. Алайда соңғы болған оқиғадан кейін Қадиша Омарова ұстазды сот арқылы жауапқа тартуды жөн санады. Оның айтуынша, оқиға орын алған күні тоғыз жасар ұлының денесінде сау жері қалмапты. Даудың немен аяқталатыны белгісіз, бірақ мектеп басшылығы қазірдің өзінде ата-ананың ашуына құлақ асып жатқан жоқ.


Светлана Завальная, Павлодар қаласының №6 орта мектеп директоры
:

- Бұл баласы мен анасының ойлап тапқаны. Оқушыларға қол жұмсау деректері мектебімізде бұрын-соңды болған емес. Бұл - жала!