Павлодарда Оралхан Бөкей шығармаларының үздік орындаушысы аталды

Оқушылар мен студенттер ақынның шығармаларын мәнерлеп оқудан сайысты - қазылар алқасы ораторлық қабілеттерге, шығарманы таңдау мен оны сахналандырып оқуға аса мән берді.

Бірінші орын павлодарлық Айбек Оралхановқа тиесілі болып, екінші орынды Баянауыл ауданының тұрғыны Дана Нұрбаева, үшінші орынды екібастұздық Зарина Ташуева иеленді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.