Павлодарда өрт салдарынан 13 адам баспанасыз қалды

ТЖМ хабарлағанындай, 29 сәуірде 6 сағат 48 минутта Павлодар қаласында екі қабатты үйде (8 пәтер) өрт болды. Адамдарды сыртқа шығару кезінде бір әйел жарақат алып ауруханаға жеткізілді.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, өрт кезінде екі пәтер және үйдің төбесі толығымен өртеніп кеткен, сондай-ақ төрт пәтердің бір бөліктері зақымдалды. "Пәтерлерде тұрып жатқан 25 адамның 13-ін басқа жаққа орналастыру керек (олар уақытша мейірімділік үйінде тұрып жатыр)" - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Өрт ҚР ТЖМ өртті сөндіру қызметінің күшімен 10 сағат 11 минутта ауыздықталды. Бұл жұмысқа жеке құрамның 30 адамы және 8 арнайы техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сас-Төбе ауылында 30 сәуірде 00 сағат 25 минутта пәтердің ішінде өрт көзі өршіді. Өрт салдарынан 4 адам жанған азық -түлік түтінінен уланып ауруханаға жеткізілді.