Кеше облыс орталығындағы Толстой мен 1 Май көшелерінің қиылысында атыс болып, қала ішінде жедел ұстау жоспары жарияланды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Атыс кезінде бір адам жараланған. №1 қалалық ауруханада хабарлағандай, 33 жастағы ер азамат нейрохирургия бөлімінде жатыр. Оның жағдайы қалыпты деп бағалануда. Оқиға орын алған Бизнес-орталық мекемесінің маңында бірнеше фирмалардың офистері, екінші бір жағында Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сот орналасқан. Павлодарлық полицейлер күдікті деп танылған Лексус пен қара түсті BMW көліктерін іздестіруде. Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметкері Баян Мағзұмованың айтуынша, полицияның арнайы жедел тобы қар үстінде табылған қанды зерттеуге кірісті. Қала бойынша жедел ұстау жоспары жарияланып, Lexus пен BMW көліктері тексерілуде.