Павлодарда өртті сөндірген кезде төрт жасар баланың мәйіті табылды

Мекеме ақпаратына сәйкес, 11-қыркүйекте 15 сағат 35 минутта Торайғыров көшесіндегі көп пәтерлі үйдің бәр пәтерінде өрт шыққан. Өрт 8 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті сөндірген кезде төрт жасар баланың мәйіті табылды. Тілсіз жауды ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өртке қарсы күрес қызметінің күштері 16 сағат 10 минутта ауыздықтады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті