Павлодарда отбасын қырып салған қаскөй изоляторға жабылды

Жұрттың жағасын ұстатқан қанды қылмыс осыдан үш апта бұрын орын алды. Ермұрат Иманқұлов әйелі мен 4 жасар ұлын, туған ағасы мен әпкесін, сондай-ақ, 9 жасар жиенін қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде бауыздап тастаған-ды. Мұнысын ол отбасындағы материалдық жағдаймен байланыстырды. Айтуынша, тұрмыс тауқыметінін әбден титықтаған жақындарын жер жастандырғанды жөн деп тапқан. Жарақатынан енді өміріне еш қауіп жоқ деп шешкен дәрігерлер бүгін Ермұрат Иманқұловты полицейлердің қолына табысты. Қандықол қаскөй енді сот шешімін тергеу изоляторында күтеді.


Марат Қабылбаев, Павлодар қалалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

-Пышақ жарақаттарымен түскен Иманқұлов операциядан кейін бір тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатты. Одан кейін хирургия бөліміне ауыстырылды. Кейін арнайы палатада 18 күн жатып емделді. Қазіргі жағдайы жақсы. Сондықтан изоляторға ауыстырылып, енді ондағы медициналық қызметкерлердің бақылауында болады.