Павлодарда педофил қызды құдық ішінде зорламақ болды

Қаскөй аулада ойнап жүрген жеткіншекті алдап, құдық ішіне кіргізіпті. Төменге түскенде үстіндегі киімін шеше бастаған. Оған қарсылық көрсетуге шамасы жетпесе де, көмек шақырып шырылдаған қыздың дауысын  тұрғындардың бірі естиді. Сергей Быковский қызды құтқаруға ұмтылса, әйелі полиция шақыртқан. Арам ойын іске асыра алмаған азғын қамауға алынды.

Сергей Быковский, Павлодар қаласының тұрғыны:

–Ол қашып кетпекші болды. Тіпті бізден босатуын өтініп жылады да. Бірақ оны құдық ішінен шығармай, полицейлердің келгенін күттік. Бізді көргенде, қыз баланы бірден босатып жіберді.

Loading...