"Тұтқындау шарасы есірткі сатуға әрекет жасалған кезде жүзеге асырылды. Тінту кезінде оның сөмкесінен 4 килограмм 758 грамм апиын көкнәрі табылды, ол бірден сөмкені ауылдан тауып алғанын, ал облыс орталығына тапқан олжасын пайдалы сату үшін келгенін мәлімдеді",- деп түсіндіреді баспасөз қызметіндегілер.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, Константиновка ауылының тұрғыны қазіргі жағдаймен қылмысын мойындап, уақытша тергеу қапасына қамалды, оған ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабының 2-тармағы бойынша (есірткілік және психотроптық заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жіберу немесе сату) айып тағылды.
Құқық қорғау органының қызметкерлерінің түсініктемесіне сәйкес, арнайы өңдеу нәтижесінде 5 килограмм апиын көкнәрінен 30-35 грамм апиын алуға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті