Павлодарда полицейлер ер адамды өлтірген қылмыскерді ізін суытпай ұстады

Жүргізген шара барысында полицейлер қылмыс жасады деген күдікпен облыс орталығының 50 жастағы тұрғынын ұстады.

Ол ер адаммен бірге спирттік ішімдік ішіп отырып, екеуі жанжалдасып қалған, салдарында күдікті пәтер иесін пышақтап тастаған.

Факті бойынша сот алды тергеу жүргізілуде. Күдікті тұтқындалды.