Полиция атыс болғанын растады.
"12 қаңтарда Павлодарда Суроганов көшесіндегі мекемеге келушілер арасында жанжал туындаған. Жанжалға қатысушылардың бірі ІІМ оқу орталығының қызметкері газ тапаншасын қолданған. Қызметкерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, жанжалға қатысушылардың арасында декреттік демалыста отырған Екібастұз қалалық ІІБ қызметкері де бар.