"Өзбекстанның 529 азаматы Новосибирск қаласына кетіп бара жатқан. Олардың айтуынша олар құрылыс компанияларының бірінде маусымдық жұмысқа тұрмақшы болған", - деп хабарлады департамент.
Автоинспекторлардың автобустарды тұтқындауына жолаушыларды тасымалдау ережесінің сақталмауы себеп болған. "Әрбір автобуста 50 - 60 адамнан отыруға тиіс болса, онда 90 -100 адам болды. Олардың қатарында кәмелеттік жасқа толмаған балалар да бар. Бұл заңды өрескел бұзу болып табылады", - деп атап көрсетті ІІД.
Баспасөз қызметінен хабарлағандай, көлік құралдарының жүргізушілеріне қатысты әкімшілік іс қозғалған. Іс сотқа берілген.
"Жолаушыларға келер болсақ, қазір олардың барлығы да Павлодар қаласында сот үкімін күтіп жатыр", - деп атап көрсетті полиция қызметкерлері.