Павлодарда қала аралық автобус өртенді

Салондағы 27 жолаушы қауіпсіз жерге көшірілді.

Облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға жексенбі күні болған. Автобус автовокзал аумағына кіреберісте өртенген.

Жүргізуші жолаушыларды түсіріп үлгерді. Ал, өртке қарсы қызмет мамандары өртті ауыздықтады. Қазір төтенше оқиғаның себептері анықталып жатыр.