Зейнеп қарсы үйдің бірінде түтіннің иісі шығып тұр дегенді көршілерінен естіп, алды-артына қарамай сонда барған. Іштен баланың шырылдаған дауысын естіген ол, жабулы қалған үй есігін жұлқылап ашады. Ақыры үйге кіріп, қою түтіннің ортасынан 4 жасар баланы сыртқа алып шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қаршадай қыздың қайсарлығына таң қалды.
Зейнеп Қабылбек, оқушы:
-Баланы көтеріп үйге келіп, сүт бердім. Құсты ол біраз. Сосын жатқызып ұйықтаттым. Өрт сөндірушілер келіп, жедел жәрдем шақырды.Біреу менің орнымда болса көмектесуші еді. Балаға енді өмір сүру керек қой.
Loading...