Павлодарда қатардағы жауынгерді соққыға жыққан сержант үш жылға бас бостандығынан айрылды

2004-жылдың мамыр айында Павлодардағы 6679 әскери бөлімшесінен 20 жастағы жауынгер кома деген диагнозбен ауруханаға жатқызылған болатын. Тергеу барысында оның сержанттан таяқ жегені анықталды. Офицер оны айтқанға көнбеді деп соққыға жыққан.
ҚР қорғаныс министрлігінің медицина орталығында жүргізілген сараптамаға сәйкес, әскер миынан қатты жарақаттанған. Оны кома жағдайына душар еткен себеп осы. Бір айдан кейін ғана әскер есін жиды. Қазір ол денсаулық жағдайына байланысты әскерден босатылған.
Биылғы жылдың наурыз айында жәбірленуші борышын өтеген әскери бөлімшенің 21 жастағы сержантының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің "билігін асыра пайдалану салдарынан ауыр зардап шектіру" жөніндегі 380-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот осы іс бойынша үкімін таяуда жария етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті