"Жалпы алғанда, аяз келеңсіз құбылыс болғанымен, өткір респираторлық вирусты инфекция мен тұмаудың таралмауы тұрғысынан керісінше оңды роль атқарады", - дейді дәрігерлер. Медиктердің ақпаратына сәйкес, қаңтардың басынан бері өңірде өткір респираторлық вирусты инфекциямен ауыру деңгейі шектеулі деңгейден асқан жоқ. Мәселен, қаңтардың 24 мен 30 аралығындағы бақылау аптасында ауру көрсеткіші әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда небәрі 370 оқиғаны құрады. Тұмау вирус анықталған жоқ.
"Емдеу мекемелерінің ақпаратына сәйкес, тұмауға тән ауыр клиникалық оқиғалар әзірге тіркелген жоқ, біз тұмауды ақпанның ортасына таман келеді деп күтіп отырмыз", -деді дәрігерлер.
Мамандар тағы бір оңды қадам ретінде өткен күзде халыққа вакцина егуге бағытталған кешенді шараларды атап отыр. Бірқатар ірі өнеркәсіп орындары өз беттерімен вакцина сатып алып, ұжым мүшелерін екпеге қамтыды. Мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау қызметінің мәліметінше, өңірде 30 мыңдай тұрғынға вакцина егілген.