Павлодарда қатты аяз салдарынан алты адамды үсік шалған

Орталықтың ақпараттарына сүйенсек, төрт адам алғашқы медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін амбулаториялық емдеуге жіберілген, ал 1-ші және 2-ші дәрежеде үсік шалған екі адам № 1 қалалық аурухананың күйік бөлімшесіне жеткізілген. "Бұлар сол жақ қолының саусақтарын үсік шалған 20 жастағы қыз бен табандары мен қолдары үсіген 44 жастағы ер адам",- деп хабарлады апаттық медицина орталығындағылар.

Шұғыл әрекет ету қызметінің ақпараттарына сүйенсек, сенбіден жексенбіге қараған түні облыс аумағындағы ауаның ең төменгі көрсеткіші 39 градусқа дейін жеткен.

Қалалық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және көлік жолдары бөлімінің бастығы Закарья Сұлтанғазиновтың хабарлауынша, қатты аязға байланысты тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық қызметінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. "Қаланың жылу және электр қуатымен қамтамасыз ету жүйесінде айтарлықтай төтенше оқиғалар тіркелген жоқ",- деді З. Сұлтанғазинов. Оның пайымдауынша, аяздың қатаюы мен ауа температурасының төмендеуіне байланысты қалылық ЖЭО қалаға жылу беру күшейтілген.