Павлодарда "Қазақстан аллюминийі" АҚ кәсіпорнында қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу салдарынан бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін, 29-желтоқсанда Павлодарда "Қазақстан аллюминийі" АҚ кәсіпорнының шикізат цехында конвейердегі жөндеу жұмыстары барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу салдарынан бір жұмысшы ауыр жарақаттан қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.