"Бұл осындай алғашқы базалы баяндама, және де оның ашылуының Павлодарда өтуі де кездейсоқтық емес, себебі дәл осы аймақта азаматтық қоғам мен адам құқығын сақтауды жақсарту жөніндегі көптеген бастамалар мен ұсыныстар айтылған болатын",- деп атап өтті ашылу салтанаты кезінде комиссия хатшысы, президент әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлім секторының меңгерушісі Тастемір Әбішев.
Ол, "аталмыш баяндама БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНИСЕФ сияқты халықаралық ұйымдардың барлық ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып әзірленген, ал оның басты міндеті Қазақстанда адам құқығы саласындағы заманауи құқықтық саясат құру болып табылады", деп хабарлады.
"Құжат Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған кезінен бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтиды. Онда адамның өмірлік іс-әрекетінің барлық аспектілеріндегі құқықтарына қатысты жағдай көрініс тапқан",- деп атап көрсетті Т. Әбішев.
Ол сондай-ақ, баяндаманы әзірлуде Қазақстан Республикасының президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі арнайы комиссия жұмыс істегендігін, атап өтті. Оның құрамына 36 адам кірген, олардың 18-і республикадағы Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері.
"Көбінесе қандай заң бұзушылықтар жиі кездеседі, олар қалай шешімін табады, тағы қандай осал тұстары қалып отыр, қандай шара қабылдау керек. Бұл сот істеріне де, еңбек қатынастарына да, құқық қорғау органдарына да қатысты",- деі Т. Әбішев. Ол сондай-ақ, "Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып адам құқығын сақтау жөніндегі базалық құжат әзірлеп отыр", деп қосты.
Жақын арада құжат мемлекет басшысы мен республиканың парламентіне жіберіледі. Оның негізінде "ахуалды жақсартуға қатысты нақты қадамдар қарастырылған ұлттық іс-әрекет жоспары қабылданатын болады",- депатап көрсетті комиссия хатшысы.
Қазақстан адам құқықтары жөніндегі 40-тан астам халықаралық пактілер мен конвенцияларды ратификациялаған. "Жақын арада "Еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы" тағы бір маңызды құжатты ратификациялау күтілуде. Бұл, әрине, қолданыстағы заңдарға өзгертістер енгізуді талап етеді",- деп түсіндіріп өтті Т. Әбішев.
Баяндама жақын күндері Қазақстан Республикасының басқа аймақтарында да таныстырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті