«Қазақстандық кино апталығы отандық киноматографтың негізін қалаушы Шәкен Аймановтың туған жері – Павлодар облысының жерінде басталғалы тұрғаны символдық мәнге ие», - деді апталықтың ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде Ш. Айманов атындағы киностудия өкілі Бауыржан Үсенов.
Қазақстандық кино апталығын ашқан кино режиссер Ақан Сатаевтың шытырманды «Ликвидатор» киносы болды. Фильмде Берік Айтжанов, Қарлығаш Мұхаметжанова, Азиз Бейшеналиев, Виктор Ашанин, Михаил Токарев, Винни Джонс ойнайды.
Бір апта бойына павлодарлықтар «Ирония любви», «Прыжок Афалины», «Сказ о розовом зайце», «Байтерек» сынды киноларды тамашалай алады. Көрермендерде актерлермен, режиссерлермен және осы фильмдердің сценарилерін жазғандармен кездесу сәті болады. Көрсетулер жаңадан түсірілген «Менің балалық шағымның аспаны» атты фильммен аяқталады.
Павлодардан соң киноэстафетаны Талдықорған алады.