Павлодарда "Қазпошта" филиалы басшысының орынбасары сотталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Ол филиалдың автошаруашылығы аумағында автомобиль боксының шатырын жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін мердігер ұйым өкілінен 2 миллион теңге сомасында пара алды.


Сотталған адамға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.