Павлодарда қоғамдық монша өртеніп кетті

Таңғы уақытта жуынуға келген адам тұрмақ, күзетшісінен басқа қызметкер де болмаған. Ағаштан тұрғызылған нысан өрт сөндірушілер жеткенше түгел жанып бітті. Тілсіз жау бір сағаттың ішінде ауыздықталғанымен, 150 шаршы метр аумақты алып жатқан дәмхана мен саунаның сау-тамтығы қалмады. Қазір төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.

Loading...