Павлодарда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды

Павлодар тұрғыны қоқыс жәшігінен сәби тауып алды, деп хабарлайды Sputnik pavon.kz-ке сілтеме жасап. 

Сайттың хабарлауынша, нәресте 29 қаңтарда кешкісін Гагарин көшесі бойындағы аулалардың бірінде қоқыс арасынан табылған. Жанынан өтіп бара жатқан кісі баланың жылаған даусын естіп қалыпты. Контейнерге қараса, көрпеге оралған сәби жатыр екен. 

Шамамен екі апталық нәресте ауруханаға жатқызылды.


Read more: https://sputniknews.kz/regions/20180130/4421889.html