"Қазақстан және онымен шекаралас аумақтардағы экология мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты өзекті проблемалар" атты екінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Павлодар облыстық әкімшілігімен бірлесе ұйымдастырды.
Диалогқа Қазақстан, Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Қырғызстан, Польша, Чехия, Финляндия және Монголияның ғалымдары мен өнеркәсіп орындарының мамандары жиналды.
Бас қосуға қатысушылар үкіметтік құрылымдар, қоғамдық ұйымдар мен эколог-ғалымдарды біріктірген халықаралық ұйымды бас пәтерін Қазақстанда орналастыра отырып құруды ұсынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті